Әкімдікке шағымданған алматылық әйел Jah Khalib-тің сұхбатын бөліп жіберді (видео)
Танымал әнші Jah Khalib-тің (Бахтияр Мамедов) сұхбатын бөліп жіберген алматылық әйелдің әрекеті желі қолданушыларының қызу талқысына түсті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Музыкант ресейлік YouTube-арнасындағы “Люди говорят" бағдарламасының қонағы болды. Ол сұхбатында балалық шағы, музыкадағы мансабы мен отбасы жайлы сөз қозғады. Алматыда өткен түсірілім кезінде әншінің әңгімесін жергілікті тұрғын бөліп жібереді. Ол түсірілім тобы мен өнерпазға әкімдікке деген уәжін айта бастайды.
“Міне, мына ауладағы алаңқайды құрылысшылар соңына дейін аяқтамай кетіп қалды. Әкімдіктен арнайы рұқсат алған едік. Нәтижесінде балалар алаңы жоқ, ауланы қазып-қазып тарап кетті”, – дейді әйел.
Дегенмен, әншінің “бұған кім жауапты?” деген сұрағына тұрғын жауап бере алмады.
Еске салсақ, бұған дейін Jah Khalib Қазақстанда бірнеше миллион долларға заманауи мектептер салуды ойлап жүргенін айтқан болатын.
Астанада ер адам жолға таласып, әйелді соққыға жыққан: Ол ауруханадан бір-ақ шықты
Әйелдің сіңлісі ер адамның тиісті жауапкершілікке тартылуын талап етті.
Қазақстандықтарды қарапайым су есептегіштерден әлдеқайда қымбат "ақылды" су есептегіштерді орнатуға міндеттеді
Тұрғын: "Неге қызметкерлерінің жұмысын жеңілдететін есептегіштердің құнын тұтынушылар өз қалтасынан төлеуі керек?"