Jah Khalib Қазақстанда бірнеше миллион долларға технологиялық мектептер салмақ
Рэпер Jah Khalib Қазақстанда жалпы құны шамамен 14 миллион доллар болатын заманауи мектептер салғысы келетінін мәлімдеді. Бұл туралы ол Лаура Джугелияға Fametime Tv YouTube арнасына берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
"Бізде 14 аймақ бар, оның ішінде 14 ауылда әрқайсының құны 800 000-1 миллион доллар болатын хайтек-мектеп салғым келеді", – деді Мамедов Джугелиямен бірге өзі оқыған мектепті аралау кезінде.
Ол қазір осы жоспарын жүзеге асыру үшін ақша жинап жатқанын жеткізді.
"Шамамен 40 жасқа дейін бұл ойымды жүзеге асырамын. Менің бұған қатысты жоспарым бар", – деді рэпер.
Jah Khalib ауылдағы мектеп оқушылары қалалықтарға қарағанда білімге көбірек ұмтылады деп санайды.
Ал мектептерді серіктестерімен бірлесе салу жоспарланған.
Талқылау

"Шетелде билетсіз, қонақүйсіз далада қалдым": Қазақстандықтар авторлық тур сатып аламыз деп 2 млн теңгеге дейін қаражаттарынан қағылған
Олар 300 мың теңгеден 2 миллион теңгеге дейінгі ақшадан қағылды

"Бөлімше болыңыз, біздің команда": Алматыда косметика дүкенінің қате аудармасы жұрттың ашуын туғызды
Оқырмандардың бірі баспахананың да мұндай немқұрайлығына реніш білдірді