Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әкімдік қызметкерлерімен ерегесіп күш қолданған: Карантинде жұмыс істеген түнгі клубтардың басшылары құзырлы орган қызметкерлерін кіргізбей қойды

Мемлекеттік комиссияның шешімі бойынша барлар, фудкордтар, қоғамдық тамақтану орталықтары маскалық режимде түнгі 23 -00 ге дейін ғана жұмыс істеуі тиіс. Ал күні кеше жүргізілген рейд олардың бекітілген ережелерді мүлдем елемейтініне көз жеткізеді. Ескермек түгілі тексеруге келген құзырлы орган қызметкерлерін есігінен аттап бастырмай, әкімдік қызметкерлерімен ерегесіп күш қолданған орындар да бар. Қаладағы ойын сауық мекемесінің күзетшілері тіпті арна тілшісіне де тап берген. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі  31 арнаның "Информбюро" бағдарламасына сілтеме жасап.

Әдетте, қонақтарын құшақ жая қарсы алатын түнгі клуб тексеріс келеді деп күтпеген болу керек, қызметкерлері абдырап қалған. Ашуға булыққан мекеме басшылары тіпті телеарна камераларын сындыруға сәл қапты. Ал клубтың ішіндегі қонақтардың жартысы дәретханаға, ендібірі қоймаға қарай қашқан. Бірақ олар карантиннен емес, камерадан қашып жүр.

Түнгі клуб түн ортасында жұмыс істеп тұрған, санитарлық норма сақталмаған, кейбіреуде бетперде жоқ, арақашықтық туралы мүлде сөз қозғауға болмайды. 

Тәртіп бәріне ортақ, талап орындалуы керек. Осылайша мекемеге түсірілім тобы кірген соң қатаң қаулыдан қорықты ма әйтеуір басында бұлқынған басшылар біраздан соң сабаларына түсіп, айыппұл қағазын толтырды. 

Сонымен қатар, тексеріс кезінде мекемеде 100-ден астам заң бұзушы анықталды. 39 адам бетперде тақпағаны үшін айыппұл төлейтін болды. Оның ішінде кәмелетке толмаған келушілер де бар.

"Жабық түрде орналасқан қоғамдық орында жұмыс істеп жатыр. Қазір осы жердегі адамдардың бәрі карантинде өрескел бұзушылықтар жасап тұр", - 

Бақылау жұмыстары кезінде ойын-сауық орталықтары мен тамақтану орындарынан басқа компьютерлік клубтардың да жасырын жұмысы анықталды. Негізгі есікті тұмшалап, келушілерді жасырын түрде қабылдаған мекемеге де тиісті шара қолданып, жұмысын тоқтатты. 

Заңды белшесінен басып, үкіметтің үкімін құптамайтын ойын-сауық орталықтары айыппұл төлеп ертесіне жұмысын жалғастыра беретін сияқты. 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр