Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Әкімдік арқылы пәтер әперуге уәде берген": Павлодарлық туыстарын алдап, 7 млн теңгесін алып кеткен

Павлодар тұрғыны туыстарына "әкімдік арқылы" пәтер алып беруге уәде беріп, олардың 7 миллион теңгесін ұрлап кеткен, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. Бұл жөнінде ішкі істер министрлігінің ресми сайты жазады.

2022 жылдың қаңтар айында туысымен сөйлескен 27 жастағы павлодарлық "әкімдік арқылы тұрғын үй мәселесін шеше алатынын", тұрғын үйді кезектен тыс сатып алуға көмектесе алатынын айтқан. Туыстары ақшаны депозиттерінен шешіп, жетпеген соманы қарызға алған. Және алтын бұйымдарын ломбардқа тапсырған.

Олардың бірі 2,5 млн теңге, екіншісі 4,5 млн теңге берген. Ақшаны алғаннан кейін, ер адам уақытты ұзарту үшін әртүрлі сылтаулар ойлап таба бастайды. 6 айдан кейін ол туысының біреуіне 250 мың теңге қайтарып берді. Қалған 6 ақшаны өз қажеттіліктеріне жұмсаған.



Біраз уақыттан кейін туыстары алаяқтың құрбаны болғанын түсініп, полицияға жүгінген.

ҚР ҚК 190-бабы “Алаяқтық” бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Күдіктіге қатысты бұлтартпау шарасы қолданылды.

Талқылау