Әкесі байқаусызда екі жасар ұлын өлтіріп қойды
2 жасар бала әкесінің көлігінің астында қалып мерт болды.

Қайғылы оқиға 1 наурыз күні Қырғызстанда болды. Ош ІІБ өкілдерінің мәліметінше, ер адам Mercedes-Benz көлігін тұраққа қойып, өзі үйіне кіріп кеткен. Көлік артқа қарай жүріп, ойнап отырған 2 жасар сәбиді басып кетеді. Ата-анасы сәбиді дереу ауруханаға жеткізгенімен ауыр жарақат алған ұлдары көз жұмды.
Әкесі асығып тұрғандықтан көліктің тежеуішін басуды ұмытып кеткенін мойындады. Бұл отбасының тағы екі қызы бар. Полиция бұл жағдайды оқыс оқиға ретінде тіркеді.
Тағы да оқыңыз:
Қазақстанға 12 жылдық мектеп керек пе: Назарбаев зияткерлік мектептеріндегі оқу мерзімі қысқарса, не өзгереді
Мектептегі қосымша бір жылға қатысты қоғам пікірі екіге бөлінді
Елтаңба тауып алғаны, өз ақшасына алаң салғаны үшін: Қазақстанда талқыға түскен айыппұлдар
Қайсысы әділ, қайсысы шектен шыққан шешім болды