Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Әкем туралы айтуға тыйым салдым": Баян Алагөзова әкесінің қазасын қалай қабылдағанын айтты

Танымал продюсер, актриса Баян Алагөзова жаңа жыл қарсаңында  ескі жылға өкпе жоқ екенін айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі “Сырласу” подкастына сілтеме жасап хабарлайды. 

Продюсер қызы Айсәуле Бақытбектің youtube арнасына сұхбат берді. 

“2023 жылы отбасымыз үшін өте көңілсіз, қайғылы жыл болды. Әкеміз дүниеден озды. Таиландқа барып қыдырып, отбасымызбен жаңа жылды қарсы алған болатынбыз. Әрине, сен болмадың. Қайдаровтар әулетін түсіне алмадық. Олар сені бізбен шетелге қыдыруға жібермейді. Сен тұрмысқа шыққалы біз әлі сенімен ешқандай мемлекетке қыдырмадық. Әулеттің ұстанымы сол шығар деп түсіндік. Өте керемет демалыс болды. Ата-анамыз да жанымызда болып, неше түрлі жеміс-жидек жеп, көңіл көтердік. Өзімнің денсаулығыма пайдалы болды. Өйткені сол жаққа кетпес бұрын пневмония болып ауырып қалып едім. Таиландтың ауасы денсаулығыма да оң әсерін тигізді”, – деп ескі жылды еске алады продюсер. 

Жаңа жылды шетелде қарсы алып, елге оралған уақытта әкесі Мақсат Мұхитдин дүние салады. 

“2022 жыл көңілді аяқталғанымен, 2023 жыл көңілсіз басталды. Ол сәтке оралғым келмейді. Бірақ сол қайғылы сәттегі өзімнің жағдайымның қалай болғанын айтқым келеді. Алғашында әкемнің өлімін қабылдай алмадым. Анамнан бастап, түгел ағайын-туыс жылап жатқанда менің көзімнен жас шықпады. Тас болып қалған адамға ұқсап қалдым. Өзіме жылауға тек ұшақта ғана рұқсат еттім. Бизнес класқа билет алып, Тұрсын менен кейін отырды. Салонда көп адам жоқ. Мен қатты жыладым. Сол кезде ғана барып, әкемді енді көрмейтінімді түсіндім. Жолдасым да мені мазалаған жоқ. Алты айға дейін әкем туралы ойламауға тырыстым және ол туралы естелік айтуға тыйым салдым. Ол кісі туралы өткен шақта айту қиын болды. Таныстарым мен құрбыларым әкем туралы айта бастаса, тыйып тастап отырдым. Жарты жыл өткеннен кейін барып, әкемді ойлай бастадым. Фотоларын қарап, оның бейнесін көз алдыма елестете бастадым. Ал қазір күн сайын әкемді есіме аламын. Әкем қайтқаннан кейін үйде отырғым келмеді. Шақырған жердің бәріне бардым. Оқырмандарым “Жылдық асы өтпей еш жерге шығуға болмайды. Көңіл айтып келетін адамдарды күтіп үйде отыру керек” дегенді жазып жатты. Менің қолымнан ол келмеді. Қазір әкемнің жоқ екенін қабылдағаннан кейін өмірді қайта сүре бастадым”, – дейді актриса. 

Талқылау