Ақбота Сейтмағамбет: Жаман күйеуден жалғыздық жақсы
Ақбота Сейтмағамбет жар таңдағанда сезімге ермей, ақылға жүгіну керек екенін айтты. Тәкаппар жігіт жаманға ұрындырады деген әнші "жаман жолдастан жалғыздық жақсы" дегенді алға тартты.

Бұл туралы Ақбота желідегі парақшасында жазды.
"Жігіт таңдағанда көңіліңнің қос қанаты ақыл мен сезімді тең ұста. Тек сүйген жанға ғана қосылу қажет, қосылған жігітіңді өмір бойы сүйіп өтетініңе кәміл сенімің болсын. Өзімшіл, өркөкірек жігіттердің өкінішке ұрындыратынын ұмытпаңдар. Жаман жолдастан жалғыздық жақсы", - деп жазды әнші.
"Рас айтасыз, өзімшіл өркөкірек жігіттер тек көңілді құлазытуды ғана біледі", "Мына сөздерді оқып, құдай ай мынау кімнің әйелі дейсің ғой", "Әлі жігіт ойлап жүрсің бе?", "Жаным сол мен сені қатты ұнатамын!", "Қазақтың сұлу қызы, жолың болсын", "Жақсы жар жолдас болсын, бақытыңды тап, сен де бақытты болуға лайықсың", деп жазды желідегілер.
"Бізден 100 есе жоғары алады": Қазақстан мен шетелдік дәрігерлердің жалақысын салыстырып көрдік
Алматының ауруханасында жұмыс істейтін дәрігерлер 160-250 мың теңге алады
Қазақстанда биыл БАҚ өкілдерін марапаттауға 35,2 миллион теңге бөлінген
Ал 2021 жылы журналистерді ынталандыруға тек 14,5 миллион теңге бөлінген