Ақбота-Нұр Сейітмағамбет: Түсініксіз әрі мағынасыз қарым-қатынастан қорқамын
Ақбота-Нұр Сейітмағамбет бұл өмірден қандай сабақ алғанын, неден қатты қорқатынын және адамдардың бойында қандай қасиеттерді бағалайтынын айтты. Ол жеке өміріне қатысты сұрақтарға жауап берді, деп хабарлайды Stan.kz.

"Көп адам жалғыздықтан қорқады. Ал мен түсініксіз әрі мағынасыз қарым-қатынастан қорқамын. Ал қазірге: Атты мен жаяудың сәлемі жараспас деген әңгіме болып тұр.
Жан дүниеммен егіз жаралған сыңарымды Алла нәсіп етсе табармын уақыты келгенде", – деп жауап берді.

Ақбота әлемдегі өзгерістер мен адамдардың пейілінен қорқатынын атап өтті. Ал адамдардың бойында бағалайтын үш қасиет ретінде тазалық, шынайылық, табандылықты атап өтті.
КешYou тобының бұрынғы әншісі өмірден қандай сабақ алғанын ашып айтты. Ол енді бос сөзге сенбейтінін меңзеді.
"Қазір мен тек қана іс-әрекетті бағалаймын", – деді ол.

"Сап-сау баламды мүгедек қылып алдым": Қазақстандық әйелдің көзінше баласы азелит ішіп, өңешін күйдіріп алған
Бүгінде баланың асқазанына гастростома қойылған, өздігінен тамақтана алмай қалғанда ас тікелей асқазанға стома арқылы енгізіледі
Қазақстан әуежайлары қандай заңдарды бұзды және бұл үшін оларды қалай жазалады
Көптеген әуежай авиаотынды монополиялық жоғары бағада сату арқылы миллиондаған табыс тапқан