Ақ картина аукционда 1 миллион еуроға сатылымға шығарылды
Германиядағы аукционда ақ картина 1 миллион еуроға бағаланды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі New York Post порталына сілтеме жасап хабарлайды.
Фото: Ketterer Kunst
1 миллион еуроға бағаланған ақ картинаның авторы – америкалық марқұм суретші Роберт Райман. Ол General 52 деп атаған бұл туындысын әлемге алғаш рет 1970 жылы көрсеткен.
Ақ картинаны бос деп айтуға келмейді. Райман мақта матаға эмаль бояуын жаққан. Өнертанушылар автордың осылайша қарапайымдылықтың шынайы бейнесін көрсеткісі келгенін айтады.
Аукционда қомақты ақшаға бағаланған ақ картинаны әлі ешкім сатып ала қойған жоқ. Десе де сарапшылар өнер туындысының әп-сәтте сатылып кететініне сенімді. Райманның басқа жұмыстары да минимализмге бағытталған. Картондағы түссіз кескіндер аукционға үш рет қойылды. Картиналардың сынғыштығына байланысты, олар ұзақ уақыт бойы өнерді бағалай алатын адамдарға көрсетілмеді.
Бірақ соған қарамастан адамдар өнер туындыларын 19 миллион еуроға сатып алуға дайын.
Еске салайық, бұған дейін қытайлық коллекционер Джастин Сан 6,2 миллион долларға бананды сатып алып, жеп қойғанын жазған едік. Бұл банан итальяндық суретші Маурицио Каттеланның инсталляциясы еді.
"Түрмеде отырған баламды тағы 9 жылға соттап жіберді": Түркістандық ата-ана баласына жазықсыз жала жабылғанын айтып, Тоқаевтан араша сұрады