AirPods құлаққаптары ер азаматтың құлағында жарылып кетті
Қытайда AirPods құлаққаптары ер азаматтың құлағында тұрған кезде жарылып кеткен, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Оқиға 19 мамыр күні орын алған. Жарақат алған азамат Чжэн Тан есімді 23 жастағы Ванда қаласының тұрғыны екен. Ол құлаққап жарылып кеткен кезде телефон арқылы әңгімелесіп тұрған. Алғашында ақ халаттылар оның құлағына қатты зақым келмегенін айтқан: ер адамның тек құлақ ішінің терісі күйіп қалған көрінеді. Екі апталық ем шараларына қармастан зардап шеккен қытайлық дұрыс ести алмайтынын және құлағы әлі ауыратынын айтып шағымданған. Тағы бір рет жүргізген тексеріс нәтижесінде жігіттің есту мүшесіндегі дабыл жарғағында қан ұйып қалғанын анықталыпты.
Қытайлық Weibo басылымының мәліметінше, ер адам AirPods құрылғысын Apple ұйымына серіктес дүкеннен сатып алған. Жарылып кеткен құлаққаптар америкалық компанияға кері қайтарылып, жарақат алған Чжэн Танға заңда көрсетілгендей өтемақы төленген.