Air Astana 25 маусымнан бастап қайтадан Таяу Шығысқа ұшады

Фото: Air Astana telegram
Таяу Шығыста атыстың тоқтатылуына байланысты Air Astana әуе компаниясы Иранның әуе кеңістігін айналып өтіп, осы өңірге ұшуды қайта бастайды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
25 маусымнан бастап мына рейстер орындалады:
- KC205 Астана-Дубай, 11:00
- KC206 Дубай-Астана, 16:40
- KC653 Алматы-Доха, 11:00
- KC654 Доха-Алматы, 15:05
- KC897 Алматы -Дубай, 11:15
- KC898 Дубай-Алматы, 16:10
Сондай-ақ ең cыйымды Boeing 767 әуе кемесінде КС8980 Дубай-Алматы рейсі сағат 17: 40-та репатриациялық рейс орындайды. Бұл рейстерге билеттер сатылымда. Кестені әуе компанияның сайтынан тексеруге болады. Рейстер ұшу қауiпсiздiгiнiң жоғары стандарттарына сәйкес орындалмақ.
Айта кетейік, бұған дейін Израиль Иранға әуеден соққы жасағаны туралы жазған едік. Таяу Шығыстағы жағдайдың ушығуына байланысты Қазақстанның Израильдегі елшілігі арнайы үндеу жариялады.
Кейіннен Қазақстандық әуекомпаниялар қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында Дубай мен Доха қалаларына бірқатар рейсті уақытша тоқтатқан еді.
“2 миллиард теңгеге жуық“: Қазақстан өңірлері 2026 жылды қарсы алуға қанша қаражат жұмсайды?
Алайда биыл елордалықтар жергілікті бюджет қаржысын үнемдеген көрінеді
"Өліп қала жаздаған кездерім болды": Қарызға батып жезөкше болған қазақстандық табысы туралы айтты
Ләйлә: "Жетім қыздар, күйеуге шығайын деп жүргендер, бұрынғы күйеуінің несиесін төлеп жүргендер бар"