АЭС салу бойынша референдумда қазақстандықтардың 61,56 пайызы дауыс берді
Қазақстанда АЭС салуға қатысты референдумда 18:00-дегі жағдай бойынша қазақстандықтардың 61,56 пайызы дауыс берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: Ақорда
Облыстық, республикалық және астаналық комиссиялардың сағат 18.00-дегі мәліметі бойынша, тізімге енгізілген азаматтардың жалпы санының 61,56 пайызы сайлау бюллетеньдерін алды.

Оның ішінде:
- Абай облысында – 64,24%;
- Ақмола облысында – 68,98%;
- Ақтөбе облысында – 72,31%;
- Алматы облысында – 67,77%;
- Атырау облысында – 60,80%;
- Батыс Қазақстан облысында – 64,41%;
- Жамбыл облысында – 57,76%;
- Жетісу облысында – 64,24%;
- Қарағанды облысында – 69,48%;
- Қостанай облысында – 70,99%;
- Қызылорда облысында – 79,87%;
- Маңғыстау облысында – 51,38%;
- Павлодар облысында – 62,51%;
- Солтүстік Қазақстан облысында – 63,72%;
- Түркістан облысында – 74,23%;
- Ұлытау облысында – 67,77%;
- Шығыс Қазақстан облысында – 72,58%.
- Астанада – 49,35%;
- Алматыда – 22,91%;
- Шымкент қаласында – 68,89%.
Сайлаушылардың сайлауға қатысуының алдын ала қорытындылары туралы ақпарат сағат 21.00-де беріледі.
Қазақстанда "Ерен еңбегі үшін" медалі кімдерге беріледі, талаптары қандай
Заңға сәйкес, марапат мына салалардағы еңбек жетістіктері үшін беріледі
Қазақстанда ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге көтерілсе не өзгереді және кімдердің табысы өседі
Маман: "Қазақстанда ең төменгі жалақыны белгілеудің нақты математикалық формуласы жоқ"