Қазақтелеком қаламсаптарды не үшін 190 мың теңгеге сатып алғанын түсіндірді
Қазақтелеком 2021 жылы 7,2 млн теңгеге элиталық аксессуарлар сатып алынғанын растады. Компания бұл заттардың барлығы әдеттегі тәжірибеде серіктестерге кәдесый ретінде берілетінін атап өтті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі “Informburo.kz” порталына сілтеме жасап.

"Шынында да, 2021 жылы біз қажетті заттарды сатып алуды жүзеге асырдық. Кәдесый өнімдерін сатып алу корпоративтік сектор мен бизнес өкілдері үшін бірлескен іс-шаралар, ортақ жобаларды іске асыру шеңберінде серіктестерге, клиенттерге, халықаралық қонақтарға тарту ету үшін кең таралған, әдеттегі тәжірибе болып табылады", – делінген компания жауабында.
Шілде айында сыбайлас жемқорлықты тергеу бюросы "Самұрық-Қазына" қорының электрондық сатып алу порталынан Қазақтелекомның қымбат аксессуарлар алғаны туралы мәліметтерді анықтаған. 190 мың теңгеге автоқаламдардан басқа, компания 146 мың теңгеге әмиян, сондай-ақ сөмкелер мен чемодандар сатып алған.
"Мәйітін алып келуге 2 апта кетеді": Вьетнамға қызымен демалуға барған қазақстандық әйел көз жұмды
Турагенттіктің айтуынша, ертесі оған әйелдің қызы хабарласып, анасының көзін ашпай жатқанын айтқан
"Семіз екенімізді білеміз, айта берудің қажеті жоқ": Қазақстандықтар қоғамда толық адамдарға ашық қысым көрсетілетініне шағымданды
Алматылық: “Мә, қайда өсіп бара жатсың, дәу боп кеткенсің ғой” деу қаншалықты орынды?"