"Адамның ойын бұзады": Дене мүсінін паш еткен Айдана Меденова елден сөгіс естіді
КешYou-дің экс-сылқымы Кәмшат Жолдыбаева соңғы кездері жабық киіне бастаса, онымен бір топта ән салған Айдана Меденова керісінше ашық образдарымен ел назарын аударуда. Жуырда тыңдарманына жаңа трек ұсынған Меденова ел алдында дене мүсінін паш еткені үшін қатаң сынға қалды, деп жазады Stan.kz ақпарат агенттігі.
Әрдайым ерекше образдары мен клиптерімен таңғалдыратын Меденова жақында "Сол бір кеш" атты жаңа туындысын ел назарына ұсынды. Бейнебаянда әншінің жолдасы, екі баласының әкесі Әлішер Нұржанов бой көрсеткен.
Меденова жаңа туындысын Алматыда өткен "Гәкку дауысы" фестивалінде орындады. Тек бұл күні әншінің әнінен бұрын, образы көпшіліктің назарын аударды. Instagram қолданушылары Айдананың өзгеріп баратынын, екі баланың анасына мұндай қылықтың жараспайтынын айтуда.
"Әдемі, бірақ адамның ойын бұзады екен", "Байларың үндемей қарап отыра бере ма", "Осылардың ата-енесі, қайын аға, қайын жұрт деген бар ма екен? Ұялмай ма екен? Жабыстырып кигені қандай ерсі. Әлде әнші болсаң, бәрі бола береді дей ма екен?", "Әдемі, бірақ тым ашық", "Ким Кардашьянға еліктегені", "Күйеуі қайда қарап отыр", – деп жазды желі қолданушылары.