"Адамдардың ұйқысы қанады": Сарапшылар бірыңғай уақыт белдеуіне ауысудың пайдасы жайлы айтты
Бір апта бұрын үкімет қазақстандықтардың көктемнен бастап бірығай уақыт белдеуіне көшетінін мәлімдеген. Алайда Шығыс Қазақстан мен Алматы тұрғындары бұл жаңалықтың өздерін қанағаттандырмайтынын жеткізді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі “КТК” арнасына сілтеме жасап хабарлайды.
Фото: pixabay.com
1 наурыздан бастап қазақстандықтар еліміздің батыс өңіріндегі уақыт белдеуіне көшеді. Қазір Ақтөбе, Атырау, Ақтау және Оралда уақыт басқа өңірлермен салыстырғанда бір сағат артта. Шығыс Қазақстан өңірінің тұрғындары үшін таң ерте атып, кеш ерте бататындықтан бірыңғай уақыт белдеуіне өту олар үшін қолайсыз екенін жеткізді.
Дегенмен бірқатар ғалымдар мен зерттеушілер бірыңғай уақыт белдеуіне көшудің экономикалық тұрғыдан негізделгеніне сенімді. Олардың пікірінше, бұл өңір тұрғындары арасындағы уақытқа қатысты кедергілерді жойып, көлік жүйесі, сондай-ақ мемлекеттік органдар мен төтенше жағдайлар қызметінің координациясын жақсартады. Уақыт өте қарапайым тұрғындар да бірыңғай уақыт белдеуінің пайдалы тұстарын байқамақ.
- Шығыс Қазақстан облысының тұрғындары әкімнен уақытты бір сағат артқа жылжытпауды сұрады
- Бірыңғай уақыт белдеуіне көшуді дауыс беру арқылы шешуге болмайды – сарапшы
“Адамдардың ұйқысы қанады. Әсіресе, таңғы сағат 06:00-де тұратын балалар үшін қолайлы болмақ. Ал географиялық уақыт 5-ке тең. Сол себепті 1 сағат ұзағырақ ұйықтауға мүмкіндік бар”, – дейді физиолог Асқар Калекешов.
Айта кетейік, бұған дейін еліміздегі қай қалалар сағат тілін өзгертетіні туралы жазған едік.