Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Адамдардың өз ажалынан өліп жатпағанын мойындау керек": Айнұр Тұрсынбаева Тоқаевқа үндеу жолдады

Айтыскер ақын, "Айдың нұры" қорының жетекшісі Айнұр Тұрсынбаева Қазақстан президенті мен денсаулық сақтау министріне, қорғаныс министріне үндеу жолады. 

Айнұр Тұрсынюбаева: Екі аяғы, бір қолы жоқ мүгедек жан менің дәрістерімді тыңдап жігерленіп, суда жүзуден чемпион атаныпты

"Қазақстан Республикасының прещиденті Қасым- Жомарт Кемел ұлына!  Денсаулық сақтау министрі Алексей Цойға! Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаевқа! Қазақтың даласы қан сасып тұр. Адамдар шыбынша қырылып жатыр. Адамдар өз ажалынан емес, дәрінің жоқтығынан, жағдайдың жоқтығынан, апараттардың жоқтығынан, ауруханаларда орындардың жоқтығынан өліп жатқанын мойындауымыз керек! Қазаққа қастандық жасалды! Осы жағдай жүрегімізге батқан соң біз қоғам белсенділері қосылып халықтан ақша жинадық!

Ақшаны жинап Түркия мемлекетінен 125 апаратты сатып алдық! Бұл аппараттар Қазақстанда 500-800 мың көлемінде сатылып та жатыр. Халықтың ондай қымбат аппарат алатын жағдайы жоқ екенін менсіз де білетін шығарсыздар деп ойлаймын! Елшіліктің көмегімен шекара шығынынан да құтылғандай болып едік.. Бірақ 125 аппаратты, яғни 2 тонна жүкті тұтас жіберетін мүмкіндік жоқ екен!!! Ендігі жанайқайымыз мынау! Біздің тірнектеп жинап алған апараттарымызды Қазақстанға барған соң СК "Фармация" деген мекеме қабылдап алады екен", - деп жазды парақшасында.

Айтыскер аталған мекемеге сенбестік танытты. Сол себепті аппараттарды тарату мәселесін өздеріне қалдыруды сұрайды. Сондай-ақ екі аптаны ішінде 500 аппарат алып, үлестіруді жоспарлап отыр.

"Ол мекемеге халық та, халықтан ақша жинаған белсенділер де сенбей отыр! Себеп: осы уақытқа дейін шет елдерден келіп жатқан көмектердің жоқ болып кетуі! Сондықтан осы аппараттарды таратудың билігін өзімізге берсеңіздер екен. Қорғаныс министрлігі арнайы ұшақ жібертсе тұтас апаруға болады! Бізге әр минут қымбат! Әр адам қымбат! Әр аппарат қымбат! Әр тиын қымбат! Мен Түркия мемлекетіндегі бір зауытпен сөйлесіп 2 аптада 500 аппарат алатын болып келісімшарт жасамақшы едім. Зауыт келісімін берді! Ең арзан бағаға! Егер қоғам белсенділеріне апараттарды Қазақстанға жеткізуге көмектесіп, таратуға мүмкіндік берсеңіздер 2 аптаның ішінде 500 аппараттың ақшасын жинап береміз. Бар мүмкіндікті пайдаланып қалайық. Достар, маған сіздердің қолдауларыңыз керек. Менің шыдамым таусылып барады", - деді айтыскер.

"Қолдаймын. Алла жеңілдігін берсін. Бұл қазақ халқына жасалған қастандық сияқты", "Көп түкірсе көл дегендей осындай қоғам белсенділері жазса - көмектеседі билік басшылары деп ойлаймын", "Алла жар болсын, сізге алғысымыз шексіз, үлкен рахмет" деп жазды желі қолданушылары.

Бұған дейін Тұрсынбаеваның 6 миллион теңге жұмсап, өкпені жасанды желдетуге арналған 20 аппарат жіберетінін хабарлаған едік. 

Талқылау