Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Адамдар өліп жатты: Ашаршылық жылдары туралы әңгімелеген әжей жұрттың көзіне жас келтірді (видео)

Жазира Байырбекова жасы 100-ге жақындаған әжесінің әңгімесін жариялап, жұрттың көзіне жас келтірді. Кейуана ашаршылық жылдары көзімен көрген нәубетті баяндаған.

Адамдар өліп жатты: Ашаршылық жылдары туралы әңгімелеген әжей жұрттың көзіне жас келтірді

Бұл туралы Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

97 жастағы әжей 1932 жылдары болған ашаршылық кезінде әріп танымағанын айтады.

“А”, “б” деген әріпті білмеуші едім. 1932 жылы ашаршылық болды. Ол кезде әке-шешеммен Алматыда тұрдық. Алматыдан Боралдайға келгенде өліп жатқан адамдарды көрдік. Мына адамдар мас боп жатыр ма? Неге құлап жатыр? – десем анам: – Сорлы балам, ашаршылықтан өліп жатыр, жейтін тамақ жоқ, – деді. Жылап жібердім, онда мен оқымаған едім, көзімнен жас ағып кетті”, – дейді әжей.

Өнер иесінің әжесі бүгінгідей бейбіт заманды көргеніне қуанышты. Кейуананың айтуынша, қазақ халқы бұдан асқан рахат өмірді көрмеген.

“Мұндай өмірді көргенім жоқ. Осы күнге жеткеніме бақыттымын. 97 жасқа келіппін, менің көрмегенім жоқ. Енді халқымыз аман болсын”, – деп тілегін білдірді әжей.

Желі қолданушылары әжейдің әңгімесін естіп, жылап қалғандарын атап өтті.

“Әжеу, жылаттыңыз ғой. Ата-бабаларымыздың қадірін қазір кім біліп жатыр? Қайран қазағым-ай”, – дейді желі қолданушыларының бірі.

“Жүректі ауыртып, көзге жас келтіретін әңгіме екен. Отанымыз тыныш болсын”, – дейді екінші желі оқырманы.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Әжем бүгін 1932 жылды есіне алды. #сұрауларыңыз бойынша әжемнің әңгімесі. #әжемніңәңгімесі

Публикация от Жанболат & Жазира (@zhanbolatzhaziraa)

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

#Әжемніңәңгімесі #сұрауларыңыз бойынша

Публикация от Жанболат & Жазира (@zhanbolatzhaziraa)


Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.

Талқылау