"Адам өлтірген": Көшеде мәжбүрлі ұсталған ер адамға қатысты Алматы полициясы түсініктеме берді
Жақында әлеуметтік желіде екі адамның басқа ер адамды мәжбүрлі түрде көлікке отырғызып, алып кеткен видеосы кең таралып, көпшіліктің назарын аударды. Белгілі болғандай, бұл қылмыскерді ұстау процесі болып шыққан, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі zakon.kz-ке сілтеме беріп.

Алматы қаласының ПД-і әлеуметтік желілерде ер адамды көлікке мәжбүрлеп отырғызған видеоға түсініктеме берді.
"Рысқұлов даңғылы мен Емцова көшесінің қиылысында Криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері Ресей Федерациясының Иркутск облысында адам өлтіргені үшін 1982 жылы туылған К.-ны ұстады", делінген хабарламада.
Айтуынша, іздеу жұмыстарының бастамашысы - Ресейдің ІІМ-нің Қылмыстық іздестіру басқармасы күдіктінің қамауға алынғандығы туралы хабардар болған.
Алматыда бір айлық сәбидің басына төбеден біреу қалам лақтырған: Полиция тексеру бастады
Нұрахмет заттың нақты қай пәтерден лақтырылғанын анықтауды сұрап отыр
Қазақстан оқушылары басқа елдермен салыстырғанда қаншалықты жақсы оқиды?
PISA-2025 зерттеуіне “Цифрлық әлемде оқу” атты жаңа бағыт енгізілген