"Адам еңбегін жеп жатыр": Желіде атыраулық тұрғынның төсемтастарды қиратып жатқан видеосы тарады
Желіде желдей ескен бейнежазбадан жұмыс берушілерге өкпелеген жас жігіттің төсемтастарды қиратып жатқанын көруге болады. Ол өзін жалақысын толық алмаған жұмысшы ретінде көрсеткен. Яғни, оны жұмыс берушілер алдап, еңбекақысын бермей қойған-мыс. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Аталған оқиға қаладағы Құлманов пен Гагарин көшелеріндегі жаяу жүргіншілер жолында орын алған. Осыған орай, Stan.kz ақпарат агенттігі Атырау қалалық әкімдігінен түсініктеме беруді сұрады. Анықталғандай, бейнежазбадағы жігіт бұл әрекетке "хайп" жинау үшін барған екен. Бірақ балағат сөздер айтқаны үшін өкінетінін айтады.
"Аталған азамат хайп қуып, заңбұзушылыққа барғанын мойындады. Енді ол мемлекет мүлкін бүлдіргені үшін әкімшілік жазаға тартылып, 20 айлық есептік көрсеткіш көлемінде, яғни, 69 мың теңге айыппұл арқалады. Тексеріс барысында оның ешқандай мердігер немесе басқа да мекемелерде жұмыс жасамайтыны анықталды", – дейді қалалық әкімдіктің баспасөз хатшысы Айша Кенжемұратова.
Қазір аталған іс сотқа жолданды.
"Сап-сау баламды мүгедек қылып алдым": Қазақстандық әйелдің көзінше баласы азелит ішіп, өңешін күйдіріп алған
Бүгінде баланың асқазанына гастростома қойылған, өздігінен тамақтана алмай қалғанда ас тікелей асқазанға стома арқылы енгізіледі
Қазақстан әуежайлары қандай заңдарды бұзды және бұл үшін оларды қалай жазалады
Көптеген әуежай авиаотынды монополиялық жоғары бағада сату арқылы миллиондаған табыс тапқан