Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Адам ағзаларын заңсыз алған: Қазақстандық танымал дәрігерге қатысты қылмыстық іс қозғалған

Қазақстандық танымал транплантолог дәрігер Ғани Құттымұратов қамауға алынды. «Медицина қызметкерлерінің құқығын қорғау» ӨҚҰ президенті Нұрлыбек Үдербаев елордада өткен баспасөз конференциясында дәрігерге қатысты қозғалған қылмыстық істің мән-жайын айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Адам ағзаларын заңсыз алған: Қазақстандық танымал дәрігер айыпталуда

«Ол ҚР ҚК 264-бабы 2-тармағы (Трансұлттық ұйымдасқан қылмыстықтопқа немесе трансұлттық қылмыстық ұйымға қатысу) және 116-бабы 3-тармағына (Адам ағзалары мен тіндерін заңсыз алу) сәйкес күдіктеліп отыр», - дейді Үдербаев.

Қазіргі уақытта Ғани Құттымұратов тұтқындалған. Үдербаевтың сөзіне қарағанда, трансплантолог дәрігердің қамауда отырғанына шамамен 3 ай болған. 

Әріптестері мен медициналық көмекке мұқтаж пациенттер құқық қорғау органдарынан тергеу кезінде Құттымұратовқа қатысты бұлтартпау шарасын алмастыруды сұрамақ.

Ғани Құттымұратов – медицина ғылымдарының PhD докторы, 2005-2008 жылдардағы «Болашақ» халықаралық стипендиясының иегері. 2011-2013 жылдары Қазақстанның денсаулық сақтау министрлігінің штаттан тыс бас трансплантологы болған. Ол – жоғары санаттағы трансплантолог дәрігер.

Талқылау