Әбдіжаппар Әлқожаның әніне билеген "Алтын белгі" иегері желіні жарды (видео)
Ақтөбелік "Алтын белгі" иегерінің марапаттау салтанатында билеп жүрген видеосы жарияланды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Желіде марапаттау рәсімінде бидің түбін түсіріп, жыр болған түлек өзінің парақшасына сол биінің басқа нұсқасын жүктеген. Сәбина Батенова есімді ару қуанышы қойнына сыймай осылайша танымал болып кеткен. Жақсы көретін өнер иесі Әбдіжаппар Әлқожаның әніне билеген қызды желідегілер мектеп бітіруімен құттықтасып жатты.
"Күшті, өзіңе жарасады!", "Алтын белгі иегері екенсің, құтты болсын", "Сұлу қыз, қуанышың ұзағынан сүйіндірсін. Жарайсың!", - деп пікір білдірген.
Арудың алдыңғы бейнежазбасы 3 мыңға жуық пікір жинап, желіде жоғары танымалдылыққа ие болған.
Қазақстанда үйді міндетті сақтандыру қалай жұмыс істейді: Жылына қанша төлеп, апат болса қанша ақша алуға болады
Жоба әуелі үш өңірде сынақтан өткізіліп, кейін 16 өңірге енгізілмек
Астанада параспортшылар федерация басшысына жалақысының бір бөлігін беруге мәжбүр болғанын айтты
Федерация басшысына "Алаяқтық" бабымен іс қозғалған