Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Абайлық 7 жасар баланың қорғаушылары бұл іске қатысы бар адамдардың бәрін жазалауды талап етті

Түркістан облысының Абай ауылында зорлық көрген 7 жасар баланың мүддесін қорғаушылар кәмелетке толмаған баланың зорлануына қатысты оқиғаға қатысы бар адамдардың бәрін жазалауды талап етті. Олар атышулы іске қатысты тергеу аяқталғаннан бері алғаш рет бұл мәселе төңірегінде сұхбат берді.

Абайлық 7 жасар баланың қорғаушылары бұл іске қатысы бар адамдардың бәрін жазалауды талап етті

Бұл туралы 31 арна-ға сілтеп, Stan.kz ақпараттық агеннттігі хабарлайды.

15-16 наурызда Білім және ғылым министрі БАҚ-қа берген сұхбатында егер баланың зорланғаны расталған жағдайда кінәлілердің, соның ішінде білім беру құрылымындағы барлық мүдделі адамдардың жауапқа тартылатынына уәде берген болатын. Ал, кеше баланың зорлық көргені расталды деген ресми ақпарат жарияланды, енді халық министрдің уәдесінің орындалуын күтуде.

7 жастағы баланың зорлауына байланысты жүргізілген тергеу де аяқталды. Халықаралық сарапшылардың қатысуымен жасалған көптеген сараптама қорытындысы зорлық фактісін растады. Алайда, жергілікті дәрігерлер бірнеше ай бойы балаға ешкімнің тиіспегенін айтып келген болатын. Бүгінде қазақстандықтарды дүр сілкіндірген оқиға расталды.

Нәтижесінде, баланы зорлауға қатысқан төрт күдіктінің тек біреуі ғана жауапқа тартылатын болды. Ол қылмыс жасаған кезде ол 14 жаста болған. Енді жасөспірім 20 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Ал, жәбірленушінің қамқоршылары хабарлағандай, зорлық көрген бала қазір Алматыда анасының жанында.

Естеріңізде болса, кінәлілерді жауапқа тартуда қатал шаралар қолдануға тек Сағадиев қана уәде берген жоқ. Сондай-ақ, Түркістан ауданының әкімі биылғы жылдың наурызында мұндай сұмдыққа жол бергендердің бәрін жұмыстан қууға уәде берген болатын. Алайда, баланы зорлады деген күдіктілер оқыған мектептің директоры ғана қызметінен босатылды. Ал полиция, білім беру бөлімі, әлеуметтік қызмет әлі жауапқа тартылған жоқ.

Естеріңізге сала кетейік, ҚР-ның Бас прокуратурасы Түркістан облысы Абай ауылындағы 7 жасар баланың зорланғанын растаған болатын.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау