Абай облысындағы полигонда әскери қызметкер қаза тапты
Фото: istockphoto.com
Абай облысындағы полигонда әскери қызметкер қаза тапты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Абай өңірлік гарнизонының мәліметінше, оқиға 5 наурыз күні Абай облысындағы қорғаныс министрлігінің полигонында болған.
Ресми нұсқа бойынша, қайғылы оқиға әскери техникамен жұмыс кезінде қауіпсіздік шараларының бұзылуынан болған. Шамамен сағат 09:40-та Семейден 40 шақырым қашықтықтағы Абай тасжолындағы полигонда "КРАЗ" жүк көліктерін сүйреп апару кезінде 1985 жылы туған кіші сержант көліктердің арасында қысылып қалған.
Әскери қызметкерді Семейге ауруханаға алып кетсе де, жол бойында алған жарақаттарынан қаза болған.
Қазір алдын ала тергеу жүргізіліп, оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.
Қазақстандық Ресейге жұмысқа кеткен інісінің Украинадағы соғысқа күштеп жіберілгенін айтып, көмек сұрады
Айнабек: "2-3 күнде алып кетпесеңіздер соғысқа аттандыру басталып кетті"
"Өмірді жасқа қарап шектемеу керек": 73 жастағы қазақстандық зейнеткер шпагатқа отырып, басымен тұрады
Беліне ота жасатқаннан кейін спортқа бет бұрған Роза Бекмағамбетова бүгінде өзі де өзгелерді жаттықтырады