Абай ауданындағы 17 көшеде күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде
Шымкент қаласында көлік жолдары 3 247 шақырымды құрайды. Биыл Тәуелсіздіктің 30 жылдығы аясында 49,8 шақырымды құрайтын 71 көшеге күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Оның ішінде 9,1 шақырымдық жол, яғни 17 көше Абай ауданының аумағында орналасқан. Атап айтқанда:
А.Баққараев,
Арын қожа,
Ж.Ахметов,
Е.Алтынбекұлы,
О.Оралбайұлы,
№1 өткел көшелері,
М.Әуезов,
Қ.Бақбаев,
Б.Алпысбаев,
Б.Саттарханов,
Бейбітшілік,
№1, №2, №3, №4,
Орталық,
Агропром көшелері кіреді.
Аталған жұмыстардың мердігері – "Шымкент Дор Строй" ЖШС, ал техникалық жобалаушы болып "Жобақұрылыс орталығы" ЖШС бекітілген.
Қазіргі уақытта 80 пайызға жуық жұмыстар атқарылған. Барлық көше жыл соңына дейін пайдалануға беріледі.
"Тапсырыс жоқ, қарыз көбейді": Қазақстандық кәсіпкердің жаңа салық реформасының кесірінен бизнесі шығынға батқан
Эмин Аскеров: "Қызметкерлердің тағы 10%-ын толық емес жұмыс күніне ауыстырдық"
Қазақстанда тұрақты тұруға өтініш берген шетелдіктер қазақ тілінен тест тапсырады: Оларға қандай сұрақтар қойылады?
Тест онлайн форматта ҚАЗТЕСТ жүйесі арқылы өткізіледі