989 мың теңге тауып алған алматылық әйел ақшаны иесіне қайтарып берді
Алматылық келіншек 980 мың теңге тауып алып, оны иесіне қайтарып берді. Ақша иесі адал жанға алғысын айтты. Ал, қазақстандық блогер, журналист Дәулет Төлеутай оның 3 айлық пәтерақысын төлеп берді.
Айман мен Салтанаттың оқиғасын кәсіпкер, блогер Дәулет баяндап берді. Оқиға Алматы қаласы, Қалқаман ықшам ауданында болған. Салтанат есімді келіншек күйеуімен бірге Каспий банкоматынан 15 мың теңге шешіп алмақ болады. Банкомат 15 мың теңгенің орнына бір бума ақша шығарған. Оны үйіне келіп санағанда 989 мың теңге шығады. Бірден Каспий банкке хабарласады. Алайда банктен еш хабар болмайды. Осыдан соң Дәулеттен көмек сұрайды. Ол желіде ақша иесіне іздеу салады.
Ал, ақшадан айырылып қалған Айман есімді келіншек. Оның жолдасы өз шотынан 1 миллион теңге шешіп алып әйеліне аудармақ болады. 10 000 мен 1000 теңгелік номиналды банкомат қабылдамай, қалған 989 мың теңгені жұтып алады. Банкоматқа келген Салтанат ақша шешіп алмақ болғанда банкомат алдыңғы 989 мың теңгені шығарып берген..
Айман желі арқылы тараған хабарды көріп қалып, дереу хабарласады. Нақты мекен-жайы мен түбіртектерін көрсеткен соң оның ақша иесі екені анықталды. Осыдан соң Салтанат пен Айман кездесіп, ақшаларын қайтарысты.
Айман мен жолдасы адал жандарға алғысын айтты. Бұған себепші болған Дәулетке рахметін айтты. Ал, Дәулет Төлеутай өз атынан Салтанаттың 3 айлық пәтерақысын төлеп берді.
Дәулеттің айтуынша, Айман жақында көп балалы ана атанады. Жақында ұл баланы өмірге әкелмек. Ал, Салтанат жолдасымен пәтер жадап тұрады.
"Салтанаттың адалдығына жеке өз басым рақмет айтып, өз атымнан 3 айлық үйдің аренда ақысын төлеп беремін. Менен де сыйлық болсын. Адалдықтың арқаны ұзын! Адал, шыншыл оқырмандарым жасасын", - деп жазды Дәулет Төлеутай.