Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"95 жасына сыйлығым": Димаш Құдайберген су жаңа марапатын Бибігүл Төлегеноваға арнады

ҚР халық әртісі Димаш Құдайберген Дубайдан алған марапатын опера әншісі Бибігүл Төлегеноваға арнады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Коллаж: Stan.kz

Өнер иесі қазақтың бұлбұл әншісін 95 жасқа толуымен құттықтады. 

“Құрметті Бибігүл Ахметқызы! Күні кеше алған кезекті марапатымды өзіңізге арнағым келеді. Алда келе жатқан 95 жылдық мерейтойыңыз құтты болсын! Осы марапатты сіздің құрметіңізге арнауға рұқсат етіңіз. Жастайымнан сіздің жоғары дәрежедегі өнеріңізге сусындап өсіп, сіздің аналық, ұстаздық өсиеттеріңіз бен батаңыздың арқасында қазіргі күні азды көпті жетістіктерге қол жеткізіп келемін. Бибігүл Ахметқызы – менің рухани ұстазым. Құрметті жерлестер, шын жүректен барлық құттықтауларыңызға көп рахмет айтқым келеді. Еліміз аман,жұртымыз тыныш болсын!”, – деп жазды әнші. 



Еске салайық, әлемге әйгілі әнші Дубайда өткен премияға қатысты. 26-27 қарашада Distinctive International Arab Festivals Awards – DIAFA фестивалі өтті. Жыл сайын айтулы марапаттау рәсімі жергілікті және әлемдік деңгейдегі көрнекті тұлғалардың, ұйымдар мен компаниялардың жетістіктерін марапаттайды. 2017 жылдан бері тұрақты ұйымдастырылып келеді. 

Бұған дейін Димаш Құдайберген Бибігүл Төлегенова атындағы креатив мектептің ашылуына қатысқанын жазған едік. 

 

Талқылау