9 млн теңгенің азық-түлігін ұрлаған әскери қызметкер сотталды
Семей гарнизонының әскери соты азық-түлік қоймасынан бір жылға жуық уақыт бойы азық-түлік ұрлаған сержантқа қатысты үкім шығарды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
"Сот барысында әскери бөлімнің азық-түлік қызмет қоймасының бастығы 2018 жылдың қыркүйегінен 2019 жылдың мамырына дейінгі аралықтағы 3 900 азық-түлік жиынтығын жымқырғаны анықталған. Оны "есептен шығарылды" деп әріптестеріне сатқан. Осылайша қоймадан 8 951 022 теңгенің өнімі қолды болған", - деп хабарлады соттың баспасөз қызметі.
Сот барысында тараптар процессуалды келісімге келген.
Ал ұрлық жасаған әскери қызметшінің 3 жыл 6 айға бас бостандығы шектелді. Сондай-ақ, ол "сержант" әскери шенінен айырылды.
1 миллион 200 мың теңге: Қазақстанның қай өңірінде мұғалімдер көп жалақы алады
Алматы облысында бір мұғалімнің айлық жалақысы 1 миллион 228 мың теңгеге жеткен
Қазақстандық дәрігерлер Республика күніне сыйақы берілмегеніне жаппай наразы болды: Сыйақыны кімдер алады
Сонымен қатар қолданушылар медицина қызметкерлерінің жалақысы мен әлеуметтік жағдайын жақсарту қажеттігін көтерген