8 наурызға сыйлық: Екібастұз тұрғыны сүйікті әйелі үшін 10 табаны ұрлаған
Бүгінде ыдыс ұрлаған күдіктіні тәртіп сақшылары ұстады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Жедел іздестіру шарасы барысында Екібастұз тұрғыны ұсталды. Күдікті 1 айдың ішінде қаладағы сауда үйлерінің бірінен 10 таба және 6 табаның қақпағын ұрлаған. Аталған іске қатысты ҚР ҚК 187-ші «Ұсақ ұрлық жасау» бабына сәйкес соталды тергеу жұмыстары жүріп жатыр", - делінген Павлодар облыстық Полиция департаменті таратқан хабарламада.
Аталған департаменттің мәліметінше, күдіктінің айыбы дәлелденген жағдайда оған 80 АЕК көлемінде айыппұл салынады. Немесе 20 күнге қоғамдық жұмысқа тартылатын болады.
"Күдікті ер адам табаларды ұрлау әрекетін 8 наурыз мерекесінде әйелдерге сыйлап, қуантпақ болғанын айтты", - дейді ведомостводан.
Мақсатым — Олимпиада. Жаңа бапкерлік штаб 1,5 жылда нәтиже береді — Ғұсман Қырғызбаев
Ғұсман Қырғызбаев: Біздің қырғыздарға ешқандай қатысымыз жоқ
Қазақстанда шетелдіктер тұрақты тұру үшін қазақ тілінен тест тапсырады: Бұл талап интеграцияны күшейте ме, әлде көшуге ниеттілерді азайта ма?
Тест онлайн форматта ҚАЗТЕСТ жүйесі арқылы өткізіледі