Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

8 наурыз қарсаңында арзан гүл алғысы келген қазақстандықтар алаяқтарға алданып қалған

Арзан бағада гүл сатамыз деген алаяқтар 8 наурыз Халықаралық әйелдер күні қарсаңында қазақстандықтарды алдып соққан. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі КТК телерарнасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Видеодан скрин

Жәбірленушілердің айтуынша, алаяқтар тапсырыс қабылдап, алдын ала төлем алып, кейін клиенттерін бұғаттап, ізін суытқан. 

Осындай жәбірленушілердің бірі фотограф Әсел Есмұханова мереке қарсаңында клиенттеріне қызғалдақпен фотосессия ұйымдастыруды жоспарлап, әлеуметтік желі арқылы данасы 280 теңгеден гүлге тапсырыс берген. Парақшада алаяқтар жұмыс барысын белсенді жариялап, әдемі гүл шоқтарын жариялап отырған. Жәбірленуші осыған сеніп, 100 дана гүлге тапсырыс беріпті. Алайда мереке жақындағанда онлайн-дүкен күтпеген жерден жоғалып кеткен.



“Telegram арнаға кіргенде біздің чатымыз бен хабарламаларымыз жоқ болып кеткенін көрдім. Бірден олардың TikTok-тағы парақшасын іздей бастадым, ол жерде де жоқ болып шықты. Полицияға арыз жазған жоқпын, себебі кімге жазу керегін білмеймін. Телефон нөмірлері, парақшалар, хабарламалар – ештеңе жоқ”, – дейде жәбірленуші Әсел Есмұханова. 

Заңгерлердің айтуынша, маусымдық алаяқтық белсенді түрде жүріп жатыр. Алаяқтар шағын сомаға жұмыс істеп, құрбандар санына жұмыс істейді. Кең ауқымды қамту үшін әлеуметтік желілерді пайдаланады. 

“Алданып қалмаудың екі жолы бар. Біріншісі: интернет-дүкендерде немесе маркетплейстерде тапсырыс бергенде, өзің білетін және бұрын қолданған маркетплейсті  қолданы. Екіншісі егер ақша аударатын болсаңыз, карта нөмірі емес, телефон нөмірі арқылы аударғаныңыз дұрыс”, – дейді заңгер Анна Юдина. 

Талқылау