Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

74 жастағы көкшетаулық қария Сеулде гір тасын көтеруден чемпион атанды

Көкшетаулық 74 жастағы ақсақал гір тасын көтеруден әлем чемпионы атанды. Оңтүстік Кореяның Сеул қаласында өткен ардагерлер арасындағы әлем чемпионатында Борис Нұғыманов гір тасын жұлқа және серпе көтеру әдістері бойынша топ жарған.

Байрақты бәсекеге 30 шақты елден 500-ден астам атлет қатысқан екен. Борис ақсақал облыс орталығындағы қарапайым жаттығу залдарының бірінде шынығады. Қария гір тасын көтеруден басқа биыл зілтемірді жатып көтеру бойынша Қазақстан чемпионы атаныпты. Енді қарт спортшы келесі жылы мамыр айында өтетін Еуропа чемпионатына дайындық үстінде.

“Бұл спортқа дене дайындығынан бөлек психологиялық әзірлік пен денсаулықтың дұрыс болуы өте маңызды. Сосын алған бетіңнен қайтпайтын қайсар болуың керек. Алға қойған біраз арман-мақсаттарым бар. Ардагерлер арасындағы дүниежүзілік Олимпиадаға да қатысқым келеді. Алайда оған демеуші қажет”, – дейді гір тасын көтеруден әлем чемпионы Борис Нұғыманов.

Тағы да оқыңыз:

Назарбаев: Адам денсаулығының 10-15 пайызы ғана медицинаға тәуелді

Ақжарқын Тұрлыбайдың анасы: Қызымды көрмегеніме,сөйлеспегеніме 2 жыл болды

Қазақстанда ер азаматтар әйелінің жатырын жалға беріп ақша тауып жүр

Талқылау