Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

720 миллион теңге салық төлеуден жалтарған: Халықаралық іздеудегі азамат Камеруннан Қазақстанға экстрадицияланды

720 миллион теңге салық төлеуден жалтарды деген күдікке ілінген азамат Камеруннан Қазақстанға экстрадицияланды. Ол халықаралық іздеуде жүрген. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Сурет Бас прокуратурадан

Бас прокуратураның баспасөз қызметінің мәліметінше,  2017-2019 жылдары жалған шот-фактураларды пайдаланып, 720 миллион теңгеден астам салық төлеуден жалтарған. Кейін күдікті тергеуден қашып, халықаралық іздеуде болған.

"Бүгін ҚР Сыртқы істер министрлігі мен ҚР-ның Камерундағы консулының көмегімен Бас прокуратура мен ҚР Ішкі істер министрлігі Интерполының қызметкерлері қазақстандық азаматтық экстрадициялады", - делінген хабарламада.

Деректерге сай, маусым айында ол Камерун Республикасының аумағында ұсталған.

“Осыған байланысты Бас прокуратура оны экстрадициялау туралы өтініш жіберді. Оны Қазақстан мен Камерун арасында ұстап беру туралы келісімнің жоқтығына қарамастан, Камерун тарапы сұрауды қанағаттандырды. Қазіргі уақытта күдікті Астанадағы уақытша ұстау изоляторына қамалды. Мұндай қылмыстарды жасағаны үшін кінәлілерді бес жылдан сегіз жылға дейін бас бостандығынан айыру түріндегі жаза күтіледі", - деп түсіндірді қадағалау органы.

Талқылау