702-ші гол: Месси гол саны бойынша Роналдуны басып озды
Аргентиналық "Пари Сен-Жермен" шабуылшысы Лионель Месси Франция чемпионатының 30-турында "Ниццаға"қарсы матчта ерекше көзге түсті деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Ойын париждіктердің пайдасына 2:0 есебімен жеңісімен аяқталды.
Месси 702-ші голын соқты. Шабуылшы "Барселона" үшін 672, ПСЖ үшін тағы 30 гол соқты. Ницца қақпасындағы доптың арқасында Месси рекорд орнатты.
Оған дейін Криштиану Роналду көш бастап тұрған. Оның еншісінде 701 доп бар. Ол "Реал" үшін 450, "Манчестер Юнайтед" үшін 145, "Ювентус" үшін 101, "Спортинг"үшін 5 гол салды. Сарапшылардың айтуынша, жақын арадаға Роналду Мессині басып оза алмайды.
2021 жылдың тамызында аргентиналық футболшы Пари Сен-Жерменге көшті. Оның клубпен келісімшарты 2023 жылдың маусымына дейін созылады.
Қазақстан оқушылары басқа елдермен салыстырғанда қаншалықты жақсы оқиды?
PISA-2025 зерттеуіне “Цифрлық әлемде оқу” атты жаңа бағыт енгізілген
"1 миллион 200 мың теңге сұрады”: Қазақстандық мұғалімдер мектепке жұмысқа тұру ақша сұрайтынын айтып наразы болды
Айман: "Олардың өз схемасы бар, ақшаны делдалдар арқылы қолма-қол сұратады"

