6 жыл бойы Қазақстан азаматтығын қоса алып жүрген ресейлік жауапкершілікке тартылды
28 маусымда "Нелегал-2022" жедел-алдын алу іс-шарасын өткізу кезінде Шемонаиха ауданы полиция бөлімінің көші-қон қызметкерлері құжаттарды тексеру кезінде екі ел азаматтығын қатар алып жүрген 33 жастағы ер адамды анықталды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі “КТК” арнасына сілтеме жасап.

Ер адам 2016 жылдың қыркүйегінде Ресей азаматтығын алған. Алайда ол 30 күнтізбелік күн ішінде бұл фактіні Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарына немесе шетелдік мекемелеріне хабарламаған. Алты жыл бойы жасырып, екі ел азаматтығын қатар алып жүрген.
"Тәртіп бұзушы ҚР-ның 496-бабы бойынша 300 АЕК айыппұл түрінде әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Қазіргі уақытта азаматтың құжаттары тәркіленіп, Қазақстан Республикасының азаматтығынан айыру бойынша тіркеуге алынды",- деді ШҚО полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Елдос Закимов.
ШҚО полиция департаменті көші-қон қызметі Қазақстан Республикасының конституциясына сәйкес елде қос азаматтыққа жол берілмейтінін еске салып, азаматтардан көші-қон заңнамасын сақтауды сұрайды.
"Ауа температурасы +8°C-тан жоғары болуы керек": Алматы әкімдігі не үшін жылуды өшірмей отырғанын айтты
Алматылық Ерғали Жақсылықов жергілікті билікке шағымданды
"Әйелдерге тән оюды ерлер пайдаланып жүр": Қазақстандық дизайнер жұлдыздардың ою-өрнекті орынсыз пайдаланып жүргенін сынға алды
Кез келген ою – оны жасаған адамның ішкі дүниесінің көрінісі