Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

6 жасар блогер қыз 8 млн долларға бес қабатты үй алды

Оңтүстік Кореядан шыққан 6 жастағы блогер өзіне 5 қабатты үй сатып алды. Үйдің құны 8 млн доллар тұрады. 

Көппәтерлі зәулім үй Сеулдің ең қымбат Каннамгу ауданында орналасқан. Дәл соған кезінде Gangnam Style әні арналған еді.

Желінің кішкентай жұлдызы үй алмай тұрып-ақ танылып үлгерген. 

6 жасар Борам Boram Tube Vlog және Boram Tube ToyReview деп аталатын екі арна жүргізеді. 

6 жасар блогер қыз 8 млн долларға бес қабатты үй алды

Біріншісінде ол өз өміріндегі оқиғаларды айтады, екіншісінде ойыншық үлгілерін жасайды. Оның аудиторисында 34 млн адам бар.

Борам өз арнасынан 3 млн долларға жуық ақша табады. Оның 5 қабатты үй алуының да мәні сонда. 

Үй Борамның ата-анасының атына жазылды. Үй алу туралы келісім 2019 жылдың 3 сәуірінде жасалды. 

6 жасар блогер қыз 8 млн долларға бес қабатты үй алды

Желі қолданушылары корейлік кішкентай блогер қыздың пысықтығын сөз етті. Енді бірі ата-анасы жас баланың психикалық дамуына кері әсер етуде деп сөкті. 

2017 жылы бұған қатысты сот болды. Сот шешіміне сәйкес, қыздың ата-анасына балаға қатаң қарау жөнінде кеңес алу артықтық етпейтіні айтылды. 

 

Талқылау