"51 жыл ғашық болдым мен саған": Жүрсін Ерман әйелімен қалай танысқанын айтты
Жүрсін Ерман жарымен қалай танысқанын айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Түңгі студия" бағдарламасына сілтеме жасап.

Айтысты жаңғыртып, ұлттық болмысымызды қалыптастыруға үлес қосқан журналист Жүрсін Ерман 52 жыл бойы отасқан әйелі Бақытжамал Ермановамен қалай танысқанын айтып берді. Жасөспірім шағынана-ақ бір-бірін танитын үлгілі отбасы жас кезіндегі қызықтарымен бөлісті.
"Біз мектепті бітіре салысымен таныстық. Бір-бірімізді бойжеткен мен бозбала кезімізден білеміз. Бақытжамалдың жездесі Боздақ деген ауылда тұратын. Сол жерге менің туған ағам мал дәрігері болып барды да, ауыл шаруашылығы қызметкері күні болды. Вечер жасайтын едік. Сол кезде ұнатып қалдым. Қыр соңынан қалмай қойдым. "51 жыл ғашық болдым мен саған, 51 жыл өмір сүрдім ендеше" дегендей ғой. Жақсы киінуші едім, соған қызықты", - дейді Жүрсін Ерман.
Қазақстандық ер адам желідегі пікірі үшін қамауға алынды: Ол аккаунт жалған екенін айтып отыр
Полиция Дмитрий Бородаевтың ісіне қатысты тергеп-тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр
Павлодар облысында екі әйелдің босанған соң жатыры алынып, бірі сәбиінен айырылған
Сарапшылардың қорытындысына сәйкес, кесарь тілігінен кейін әйелдің жағдайына тиісті медициналық бақылау жүргізілмеген