51 жастағы әйел өз немересіне жүкті болды
АҚШ-тың Чикаго қаласының тұрғыны бедеуліктен зардап шегетін қызына бала тууға көмектесіп, өз немересі үшін суррогат ана болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Локвудтың 51 жастағы анасы Джулия Лавинг қызына оның баласы үшін суррогат ана болуды ұсынды. Бастапқыда Локвуд бұл ұсынысқа мән бермеді, бірақ кейінірек келісті. АҚШ-та суррогат ананың жасы 35-ке дейін болуы керек. Алайда, жақсы денсаулық жағдайы Лавингке ерекшелік жасауға мүмкіндік берді - америкалық әйел өзіне қарап, марафондар мен триатлонға үнемі қатысқан.
2020 жылы наурызда Лавинг өзінің немересіне сәтті жүкті болды. Бала қараша айында дүниеге келеді деп болжанады. Бірнеше аптадан соң олар сәбидің жынысын біледі. Ерлі-зайыптылар Лавингтің қасында тұрады және оған барлық жағынан көмектеседі.
"Адамдар келсе айт, жылауға дайындалайық": Қазақстандықтар жаназа кезінде бастан кешірген жағымсыз жайттары туралы баяндады