Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"50 мың теңге": Ырысбала Икрамбай енесін мақтаған оқырманына ақшалай сыйлық берді

Танымал блогер, қайырымдылық жасап баспанаға мұқтаж жандарды қуантып жүрген Ырысбала Икрамбай ақшалай сыйлық таратты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: https://www.instagram.com/irisbala__ikrambai_official/

Ол енесін мақтаған бейтаныс оқырманына 50 мың теңге беремін деп уәде етті. 

“Ана құрсағынан бала мына өмірге келгенде, қоршаған ортаға үйрену үшін қырық күн қайнаған суға шомылдырып,тамақтандыратын анасы диета ұстап, тіпті киімдерін жеке жуып үтіктеп кигізіп өбектейміз. Жалпы кез-келген қыз тұрмысқа шыққанда өзі білмейтін ортаға барып, екінші рет жаңа өмір бастайды. Сол уақытта қолдаулар мен түрлі қиындықтар қыз ғұмырымен қош айтысқан келінді жас шыбықты ыңғайға қарай майыстырады. Тиктокта "енеңнен естіген ең ауыр сөзің" деген тренд бар екен, жалпы терсең жамандық көп қой. Сол трендті жақсы жаққа қарай өзгертейікші: енеңнің әйтеуір бір рет болсын саған айтқан жақсы сөзі бар шығар немесе енеңізбен қызықты оқиғаңызды жазыңыз. “Енем жаман деме. Енемнен естіген жақсы сөзім: осының бәрі сенің арқаң дегені бар айналайындар. Осыны естіп 1 апта ұйықтай алмай қалғаным бар. Кімнің оқиғасы ең қызық, ең көп лайк жинайды 50 мың теңге жіберемін", – деп жазған болатын блогер. 



Байқаудың жеңімпазы анықталып, Ырысбала Икрамбай оқырманына уәде еткен сыйлығын жіберді.

"Өз анам инсульт алып жалғыз қараусыз қалғанда менің екі жақта қиналғанымды көріп: "Далаға тастайсың ба, үйге әкеліп бақ, ауруды ешкім сұрап алмайды" деп айтқанда нағыз аналық сезім ешқашан бос болмайтынын түсінгенмін, шүкір қазір 13 жыл болды анам да, енем де қасымда", – деп пікір қалдырған оқырман жеңімпаз атанды. 

Айта кетейік, Блогер Ырысбала Икрамбай зорлық-зомбылық көрген әйелдердің хикаясын жариялаған еді. 

Талқылау