5 жасар қыздың өліміне әкелген Текелідегі көшкін видеоға түсіп қалған
Әлеуметтік желіде Текелі қаласындағы көшкін видеоға түсіп қалған. Мұны түсірген куәгерлердің видеосы желіде тарады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Видеолардың бірінде лай ағын судың тау баурайынан гуілдеп келе жатқаны көрінеді. Жақын жерде тұрған адамдар одан қашып келе жатыр. Тағы бір видеода көшкін үлкен қашықтықтан түсірілген.
Көшкін кезінде қаза тапқан бес жасар баланың есімі белгілі болды – Жанбота Қанатқызы.
Баланың ата-анасы балшық кезінде моншада болған. Қыздың әкесінің айтуынша, ол көшеде қорқынышты гуілді естігенде аулаға жүгіріп шыққан, бірақ сел оның үйін басып үлгерген, оның ішінде кенже қызы да болған. Үлкені, 6-сынып оқушысы көрші ауылда әжесімен бірге болған.
Қазір қыздардың ата-анасы ауруханада, олармен психологтар жұмыс істеп жатыр.
Еске сала кетсек, Алматы облысының Текелі қаласында қатты сел жүріп, көшелер мен үйлерді басып қалды. Төтенше жағдайдан 5 жасар қыздың із-түссіз кеткенін жазған болатынбыз.