Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"5 келіден артық сатылмайды": Алматыда сауда нүктесінде картоп сатуға шектеу қойылды

Алматыда танымал супермаркеттер желісі картоп сатуға шектеу енгізді. Ал қалалық кәсіпкерлік және инвестиция басқармасы мегаполисте картоп тапшылығы жоғын мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Freepik

Басқарма мәліметінше, сауда орындарының қоймаларындағы қорлар жергілікті халықтың сұранысын өтеуге жеткілікті.

Ресми мәлімет бойынша, форвардтық сатып алулар аясында Алматыдағы супермаркеттердің бірінде картоптың келісі 157 теңгеден сатылып жатыр.



"Бұл қаладағы ең төмен баға. Осыған байланысты кей кәсіпкерлердің картопты жоғары бағамен қайта сату үшін жаппай сатып алу фактілері бар. Алыпсатарлық пен картоп бағасының негізсіз өсуіне жол бермеу үшін көтерме сатып алуға уақытша шектеулер енгізілді", – делінген хабарламада. 

Фото: Tengrinews

Айта кетейік, бұған дейін Астанада танымал сауда желісінің супермаркеттерінде картопты 5 келіден артық сатуға шектеу енгізілгені туралы хабарлаған едік. 

Еске салсақ, Ауыл шаруашылығы министрлігі картоп бағасының қымбаттауына кім кінәлі екенін айтқан еді. 

Талқылау