"450 миллион теңге жымқырған": "Қазақтелеком" филиалының бас директоры мен қызметкерлері қамауға алынды
"Қазақтелеком" АҚ филиалы – Сервистік фабрикасының лауазымды адамдары "өкілеттілігін асыра пайдаланды" деген күдікпен қамауға алынды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: Қазақтелеком
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің "Қазақтелеком" АҚ филиалы – сервистік фабрикасының лауазымды тұлғаларына қатысты өкілеттіктерді теріс пайдалану фактісі бойынша қылмыстық істі тергеп жатыр.
Филиалдың бас директоры мен бірқатар қызметкерлері мемлекет мүддесіне қайшы іс-әрекеттерге барған. Сонымен қатар басшылық Тараз қаласындағы Қоғамның әкімшілік ғимаратын төмен бағамен сатқан.
Олардың заңсыз әрекеттерінің нәтижесінде мемлекетке 450 миллион теңгегеден астам сомаға материалдық залал келтірілді.
Соттың санкциясымен күдіктілер қамауға алынды. Тергеу жалғасып жатыр.
Еске салайық, бұған дейін қаржылық мониторинг агенттігі Қызылорда облысында бірнеше қоғамдық ұйым мүшесіне алаяқтық фактісі бойынша сотқа дейін тергеп жатқанын жазды. Ол "Даму бала" платформасы арқылы қызмет көрсететін кәсіпкерлік субъектілеріне қойылатын талаптарға сәйкестігін тексеру актілерінен, балалар шығармашылығы және спорт саласында анықталған бұзушылықтарды алып тастау үшін 81 кәсіпкерден пара алды деген күдікке ілінді.