43 жыл бала көтере алмаған әйел 68 жасында егіз баланы өмірге әкелді
Нигериялық ғашықтар 43 жылдық сәтсіз әрекеттерінен кейін, ақыры ата-ана атанды.

68 жастағы әйел егіз баланы дүниеге әкелді, деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігі News Nigeria-ға сілтеме жасап.
Маргарет пен Но Аденуга ұл мен қыздың ата-анасы атанды. Маргарет төрт рет қолдан ұрықтандыру қызметіне жүгінді. Соңғы әрекет сәтті болды. Әйел жүктіліктің 37-аптасында кесарь отасы арқылы нәрестелерді өмірге әкелді. Лагос мемлекеттік университетінің ауруханасының меңгерушісі, профессор Васиу Адейемо, анасы мен жаңа туылған нәрестелердің денсаулығы жақсы екенін және өздерін жақсы сезініп жатқанын айтты.
Алматының ауызсуын қайнату керек пе: Судан табылған бактерияға қатысты мамандар не дейді
Қазақстан тұтынушылар ұлттық лигасының президенті Алматыдағы ауызсудан синегной таяқшасы анықталғанын растады
Қазақстан туын балконға ілуге, киімге басуға бола ма? Мемлекеттік рәміздерді қолдану тәртібі қандай
Бұл туралы заңгер жауап берді