Сайт жасалды: 42500 теңгелік мемлекеттік жәрдемақыны қалай алуға болады
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов 42500 теңгелік жәрдемақыны қазақстандықтардың қалай қол жеткізуге болатынын айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
42500 теңгелік жәрдемақыны алу үшін не істеу, қандай және қайда құжат тапсыруы керек:
Біріншіден, енді ешқандай құжат тапсырудың қажеті жоқ. Тек қана өтініш беріледі. Жұмыс беруші өз өтінішіне жұмыскерлердің тізімін қосады. Бұл жерде төтенше жағдайға байланысты табысынан айырылғанын ешкімге дәлелдеу міндетті емес.
Екіншіден, мұның барлығы электронды түрде жүзеге асырылады. Қазіргі таңда халық қиындықтар мен түсінбеушілікке бой алдырмас үшін, біз бұл жағдайды техникалық жағынан жетілдірмекпіз. Бұрыннан келе жатқан egov электронды қызметі бар, сол жерде электронды өтінімдер бөліміне кіріп, электронды өтініш қалдырсаңыз болғаны. Осы жерде өзіңіз жайлы мәліметтер қалдырасыз (аты-жөніңіз, электронды карта номері т.с.с). СМС арқылы кілт сөз алып, қол қоюға болады.
Электронды үкімет сайты кейбір адамдарға, әсіресе, егде тартқан тұрғындарға қиындау болып отыр. Сол себепті еңбек министрлігі БТС ұйымымен бірігіп, бүгін-ертең бітіріп аталмыш 42500 теңгелік жәрдемақыға сайт ашамыз. Бұл сайтта дәл осындай қағидалар орындалады, алайда ол жақта қызметтер оңтайландырылған.
Тағы оқыңыз
- 42500 теңгелік төлемге арнайы сайтта өтініш беру алгоритмі жарияланды
- 42500 теңгені алудың нұсқаулығы жарияланды
- 42500 жәрдемақысын ЭЦҚ-сыз қалай алуға болады
Компьютері жоқ азаматтар не істейді?
Ол үшін еңбек министрлігі Telegram желісінде арнайы бот жұмысын іске қоспақшы. Яғни, бұл мобильді қосымшасы арқылы сіз 42500 теңге жәрдемақысы бойынша өтінішті ұялы телефон арқылы қалдыра аласыз.
Жоғарыда аталған қосымша мен сайт жайлы толық ақпарат бүгін кешкісін еңбек және халықты әлеуметтік министрлігінің ресми сайты мен Facebook желісіндегі парақшасында жарияланатын болады.