Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

42500 теңгелік әлеуметтік көмек және "демалыстағы карантин": Қазақстандықтар жәрдемақыны тағы бір мәрте алады ма

Төтенше жағдай енгізілген кезде табыссыз қалған азаматтарға берілген 42500 теңге әлеуметтік көмек енді берілмейтін болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Бұл туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов айтып берді. Оның сөзінше, әлеуметтік көмекке бюджеттен қажы қарастырылмаған. 

"Төтенше жағдай кезінде 42 500 теңге жәрдемақы қарастырылды, 11 мамырда ол аяқталды. Жқмыс жасайтын азаматтарға зиян тимеу үшін, қатаң карантиндік жағдайлар демалыс күндері жұмыс істейді. Оларды жұмыс күндері жұмыс істеуге, ақша табуға мүмкіндік бар, ал демалыс күндері карантин күшейтіледі. Енді 42 500 теңге төленбейді. Оны жоспарлап та отырған жоқпыз. 42 500 әлеуметтік төлеміне бюджеттен қаржы қарастырылмаған. Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының активтерін сату есебінен түскен қаражат пайдаланылған болатын", - деді министр Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифинг барысында.

Сонымен қатар, карантин кезінде министрлікке Ұлттық бак тарапынан қолдау көрсетіліп, халыққа қажетті өтемақыны бере алдық дейді ол. Алайда 42 500 теңгені қайтадан төлеу қазіргі жағдайда мүмкін емес. 

"Бұл тұрғыда бізге Ұлттық банк көп көмегін көрсетті. Ол қор активтерін сату, қаржы құралдарын жабу арқылы қажетті ақша қаражатын босатып берді. Соның арқасында Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры 322 млрд теңге активін жұмсап, 4 млн 607 мың адам 42 500 теңгеден алды. Сол себепті бүгінгі күні Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының қаржылық мүмкіндігі шектеліп отыр. Егер ахуалға байланысты қандай да бір төлемдер жасау қажеттілігі туындап жататын болса, онда басқа қаржы көздері табылып қалар», - деді Біржан Нұрымбетов.


 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр