Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"40 жасқа да толмаған еді": Танымал қазақстандық журналист көз жұмды

Алматыда танымал қазақстандық спорт журналисі Евгений Гайдамакин коронавирустан көз жұмды. Бұл туралы журналист Айдын Қожахмет Facebook парақшасында хабарлады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Бүгін Алматыдан қаралы хабар келді. Менің ескі досым, әріптесім Евгений Гайдамакин өмірден өтті. Біз "Караван" газетінің редакциясында, одан соң "Наш спорт" сайтында бірге жұмыс істедік. Кейін де жүмыс бабымен жиі жолығып тұратынбыз. Бұнымен қоса Алматыда жиі бірге футбол ойнайтынбыз. Біздің ортақ достарымыз мен ортақ іссапарларымыз көп болды”, – деп жазды ол. 

Тілші соңғы кездері соңғы кездері ол өзінің YouTube желісіндегі Sports True жобасымен айналысып жүрген. 

"Ол мені бірнеше рет бағдарламасының шығарылымдарына шақырған. Мен оған футбол әлеміндегі көптеген адамдармен байланысуға жиі көмектесетінмін. Сонымен қатар оның зум-форматтағы жобаларына қарап бөлме ішіндегі блогер деп әзілдейтінмін. Ал ол қаражаттың жеткіліксіздігінен солай түсіруге мәжбүр екенін айтатын. Өзі де ылғи менімен қалжыңдасып жүретін. Менде Youtube жобамды ашқым келетінін айтқанымда "Тыңда, мен мұндай бәсекелестікке төтеп бере алмаймын” деп әзілдеп қоятын. Ал бүгін ол жоқ. Коронавирус бізден 40-қа да толмаған талантты журналисті алып кетті", - деп жазды Қожахмет.

Евгений Гайдамакиннің парақшасында қазақстандық басқа да журналистер көңіл айтып жатыр. 

Жақында ғана журналисттің әйелдер арасында қазақстаннан шыққан жалғыз UFC шебері Мария Агаповамен шығарылымы жарияланған болатын. 

 

Талқылау