4 жасар қызды тепкен түркиялық азаматқа қатысты елшілік пікір білдірді
Түркия Республикасының Қазақстандағы елшілігі Алматы облысында 4 жасар бүлдіршінді тепкен түркиялық азаматқа қатысты пікір білдірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

"Алматыда кішкентай балаға қатысты болған күш көрсету оқиғасын өкінішпен қабылдадық. Зорлық-зомбылықтың ешбір түрін, қалай және кім жасағанына қарамастан қабылдамайтынымызды жеткізе отырып, кішкентай балақай мен оның отбасына тез сауығып кетуін тілейміз", – деп жазды Түркия елшілігі әлеуметтік желіде.
Еске салсақ, бұған дейін Алматы облысындағы сауда орталығында 4 жасар қызды тепкен шетелдік екі айға қамауға алынғаны туралы жазған болатынбыз.
"Әскерден келген соң үйленеміз деп еді": Каспийде қаза тапқан сарбаздардың жақындары жанайқайын жеткізді
Жанардың айтуынша, отбасы Олжасты қуанышпен күтіп отырған
"Алдымен үйленейік, кейін Сирияға барайық": Бейтаныс адамдар әлеуметтік желі арқылы қазақстандықтарды қалай арбайды
Әлеуметтік желіде ер адамға Сирияға барып соғысуды ұсынған