4-ші қабаттың терезесінен құлаған алты жасар қыз ғажайыптың күшімен аман қалды
Томскіде төртінші қабаттың терезесінен құлаған 6 жасар қыз ғажайыптың күшімен аман қалды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Mash Telegram каналының хабарлауынша, биіктен құлаған қыз тірі қалған: ол қар үйіндісіне түсіп, үстін қағып, үйіне қарай жүріп кеткен. Оқиғадан кейін бала үйіне жалаңаяқ, үсті қар болып келген.
Қызды дереу ауруханаға апарған. Полиция жағдайдың қалай болғанын анықтап жатыр.
Кейін қыздың терезеден құлаған түні жан сақтау бөлімінде болғаны белгілі болды. Балаға мидың жарақаты және іштің көгеруі диагнозы қойылған.
Томск облысының денсаулық сақтау департаментінің мәліметінше, қазір бүлдіршін кәдімгі палатаға ауыстырылған.
Облыстық Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі өз кезегінде қыздың анасына қатысты ата-ана міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін әкімшілік хаттама толтырылғанын хабарлады.
Қазақстанда киіз үй бағасы 200 мыңнан 1,8 миллион теңгеге дейін: Оны кімдер сатып алады?
Темірден жасалған киіз үйлердің құны 200 мың теңгеден басталып, 750 мың теңгеге дейін барады
"АҚШ-та үлкен мейрамханаларды жалға аламыз": Шетелдегі қазақтар Наурыз мерекесін қалай тойлайды?
Наурыз қай жерде жүрсе де адамдарды біріктіретін, мәдени бірегейліктің маңызды символы