350-ден астам жүк көлігі Қазақстан-Ресей шекарасында қалып қойды
Қазақстан-Ресей шекарасында орналасқан "Сырым" өткізу пунктіне жақын жерде Қазақстан Республикасынан шығатын жүк көліктерінің кептелісі пайда болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі шекара қызметіне сілтеме жасап.
350-ден астам автомашина көлемінде жүк көлік құралдары шекара бекетінде тұрып қалған.
"Қалыптасқан жағдай шектес мемлекеттің бақылау шараларын күшейтуімен байланысты, тасымалдауға тыйым салынған заттар мен материалдарды анықтау үшін "технологиялық өтуді" міндетті түрде ұсынуды талап етілген. Жүк көлік құралдарының жүргізушілерін, әсіресе тез бұзылатын өнімді тасымалдаушыларды аталған өткізу пункттері арқылы маршруттарды жоспарлау кезінде осы мән-жайларды ескеруін сұраймыз", - деп хабарлады шекара қызметі.
Ресейден Қазақстанға келе жатқан "Маштаков" Ресей Федерациясының іргелес өткізу пунктінде осындай жағдай қалыптасты. Ол жерде 400-ден астам автомашина кептелісте тұр.
Талқылау

"Курьер болып күніне 100 мың теңгедей ақша табуға болады": Үш жыл Америкада тұрып жатқан қазақстандықтар елге неге қайтқысы келмейтінін айтты
Ерлі-зайыптының екінші ұлдары АҚШ-та дүниеге келген

Әлеуметтік желіде танымал қала әкімі кім: Шымқала басшысы 109 мың, Петропавл әкімі 2 мыңнан аса адамға есеп береді
Оқырмандардың сұрақтарына Алматы қаласы əкімдігінің қоғамдық қабылдау бөлімі жауап береді