33 градусқа дейін жылынады: Қазгидромет алдағы күндерге арналған ауа райы болжамын жасады
Синоптиктер 25-27 сәуір күндеріне Қазақстан бойынша ауа райы болжамын жасады деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Метеорологтардың мәліметінше, алдағы күндері, атмосфералық бөлімдердің өтуімен, батыста, оңтүстікте, еліміздің солтүстік аймақтарында жаңбыр күтіледі. 25-26 сәуірде шығыста жауын-шашын (жаңбыр, қар), оңтүстік-шығыста қатты жауын-шашын болады. Еліміздің қалған бөлігіне Батыс антициклонының әсерінен жауын-шашынсыз ауа-райы күтіледі.
Республика бойынша тұман, желдің күшеюі, батыста және оңтүстік аймақтарда найзағай, шаңды дауыл, шығыста түнде көктайғақ, оңтүстік-шығыста күндіз бұршақ күтіледі.
Күндіз ауа температурасы батыс өңірлерде 23-30 градус жылыйды. Солтүстік-батыста, солтүстікте және еліміздің орталығында 20-27 градусқа дейін, шығыста 15-23 градусқа, оңтүстікте 25-33 градус , оңтүстік-шығыста 17-25 градусқа дейін біртіндеп жылынады.
"Адамдар келсе айт, жылауға дайындалайық": Қазақстандықтар жаназа кезінде бастан кешірген жағымсыз жайттары туралы баяндады
Желі қолданушысы: "Қазақтың жерлеу рәсімін жек көремін"
Не себепті Қазақстанда туу көрсеткіші Ресейден жоғары? Сарапшылар мұның пайдасы мен зиянын айтып берді
Демограф: “Жастар арасында child free ұстанымына бет бұру үрдісі бар”