"30 миллион теңге тұратын 11 қабатты торт": 12 жылдан кейін үйлену тойын жасаған Жанәбіловтер сынға қалды
Танымал блогер отбасы Ерболат Жанәбілов пен Эльмира Төлегенова үйлену тойын жасады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: Видеодан скриншот
Желі жұлдыздарының тойы әлеуметтік желіде кеңінен тарады.
“Жыл тойын бастаймыз. Ерболат менің арманымды орындады. Жалпы барлық қыз-келіншектің арманы ақ көйлек кию емес пе?! Менің арманым да 12 жылдан кейін орындалғанына қуаныштымын”, – деп жазды Эльмира Төлегенова.
Той Алматыдағы қымбат қонақүйдің бірінде өткен. Олардың тойларына тек танымал блогерлер ғана қатысқан. Бұл тойды күйеу жігіттің өзі ұйымдастырған көрінеді. 12 жыл бұрын блогерлер бас қосқанда үйлену тойын өткізуге ақшасы болмаған екен. Бүгінде жұлдызды блогерлер үш ұл тәрбиелеп отыр.
Үйлену тойындағы тосынсый – ресейлік әнші МОТ. Қазақстандағы жұлдыздар Қайрат Нұртас, Ninety one тобы, Қазыбек Құрайыш және Әміре, Тұрар өнер көрсетті.
Алайда желі қолданушылары үйлену тойындағы ысырап пен дарақылықты талдап жатыр.
“30 миллионға торт алғанша коттедж алмаймын ба?!”, “11 қабаттан тұратын торт жасау – ысырапшылдық”, “Бұл дүниеде Ерболаттың ақшасы есептелмейді, санына жету мүмкін емес”, “Одан да жетім балаларды тойдырту керек”, – деп жазды көпшілік.
Еске салайық, блогер Ерболат Жанәбілов әйеліне ерекше тосынсый дайындап, 10001 раушан гүлін сыйлаған еді.
@ayzada.brend #ерболатжанабылов #свадьба ♬ Счастливыми - Саша Санта