Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

3 тамыздан бастап Қазақстанның бірнеше қаласында карантин күшейтіледі

Қазақстанның бірнеше қаласында карантин күшейтіледі, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Маңғыстау облысының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Ерғали Сыдыманов 3 тамыз күні сағат 00:00-ден 17 тамыз күні сағат 00:00-ге дейін қатаң шектеу шаралары енгізілетіндігі туралы жаңа қаулыға қол қойды. Аймақта қалааралық, қала маңындағы және қалалық қоғамдық көлік тоқтатылады. Таксимен және жеке автокөлікпен жүруге рұқсат етіледі.

Ойын-сауық орталықтары және сауда желілерінің (азық-түлік дүкендерінен, дәріханалардан басқа) жұмысына тыйым салынады. Ойын-сауық мекемелеріне (караоке, кальян, бильярд, компьютерлік клубтар, букмекерлік кеңселер, түнгі клубтар, боулинг орталықтары, аттракциондар, балалар ойын алаңдары, батуттар және басқалар), кинотеатрларға тыйым салынады.

Сондай-ақ азық-түлік корттары мен банкет залдары жабылады. Қоғамдық тамақтану нысандары "үйге жеткізу" қызметі бойынша жұмыс істейтін болады. Жазғы отырыс алаңына тыйым салынады. Осы кезеңде СПА-орталықтар, спорт залдары, аквапарктер мен сұлулық салондарына тыйым салынады. 

Сондай-ақ, Қостанай облысында карантиндік шаралар күшейтіледі. Облыста 3-17 тамыз аралығында қолданыстағы шаралардан басқа, құрылыс материалдарын, санитарлық-техникалық және санитарлық-гигиеналық тауарларды, ауыл шаруашылығы мен саяжайларға арналған тауарларды, авто және ауыл шаруашылығы техникаларына арналған қосалқы бөлшектерді, салт-жоралғылар мен тауарларды сататын дүкендерді қоспағанда, азық-түлік емес дүкендердің қызметіне тыйым салынады;

Саябақтарға, алаңдар мен мұражайларға, жағалауларға, қоғамдық және ұйымдастырылмаған жағажайларға, халықтың өзге де демалыс орындарына баруға тыйым салынады. Бетперде тағу жабық үй-жайларда (дәріхана, дүкен, кеңсе, медициналық ұйым, Халыққа қызмет көрсету саласындағы ұйым және т.б.), сондай-ақ қоғамдық көлікте (оның ішінде таксиде) және көшеден басқа орындарда міндетті болды.

Естеріңізге сала кетейік, мемлекет басшысы еліміздегі эпидемиологиялық ахуалға байланысты карантинді тағы екі аптаға ұзартуды тапсырған еді. 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр